Жаңалықтар Виртуалды қабылдау бөлімі Форум Фотографии

  

/ Каз

/ Рус /   / Eng   Стартовой В избранное Вебмастеру

   

       

      

 

 

   

10.03.2010

Шаңғы жарысы Зырян қаласында

Ұзақ қысқы аяздардан кейін келіп жеткен көктем Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арнап, Зырян ауданының әкімінің жүлдесіне шаңғы жарысы бойынша аудандық турнирді ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік берді. Турнирге аудандағы жалпы білім беру мектептерінің, колледждер мен кәсіптік лицейлердің, қаладағы ұйымдар мен кәсіпорындардың құрама командалары қатысты. Біріншілік жеке - командалық болды, команда құрамында жас санаттары бойынша 8 адам (4 әйел, 4 ер адам). Турнирдің салтанатты ашылуын Зырян ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Кубентаев өткізді. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Табан тірескен сайыс нәтижесінде ерлер және әйелдер арасында 1 орынды ЗТБК «Казцинк» ЖШС командасы, 2 орынды білім беру бөлімінің командасы иеленді, ал колледждер мен кәсіптік лицей арасында бірінші орында - № 10 КЛ, 2 орында құрылыс және көлік колледжі, жалпы білім беру мектептері санатында 1 орында - № 12 мектеп-лицейі, 2 орында – Соловьево ауылының ОМ, 3 орында - № 7 ОМ. Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталды.

 

«Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастығы Қадырбаев Дархан Дәулетханұлы

 

 

басына

   
   

       

 

Copyright © 2007

070800, Қазақстан, Зырян қаласы,          Сайт әкiмгерiнiң телефоны:8(72335)6-18-34

Совет көшесi, 20                                         E-mail: a-svetash@mail.kz