Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
19 Қаңтар 2018 г
--:--:--
Акция «Бәрі сенің қолыңда»
12-01-2018 11:04
Акция «Бәрі сенің қолыңда»

  

       2018 жылғы 10-қаңтарда Зырян ауданының жастар ресурстық орталығы «Зырян қаласының №11 орта мектебі» КММ негізінде  «Бәрі сенің қолыңда»(«Все в твоих руках») акциясын өткізді.
        Акция жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, алкогольді ішімдіктерді, темекі бұйымдарын және есірткіні пайдалануды  қабылдамауға бағытталады.  Салауатты өмір сүру дағдысын бойға сіңіру негіздері балалық және жасөспірім кезінде қалыптасады. Сондықтан балалр мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлу керек және темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зияны туралы балалар арасында да, жастар арасында да мақсатты жұмыс жүргізу керек.
           Акция соңында «Біз және СӨС» тақырыбына бейнеролик көрсетілді. Жастардың зиянды әдеттерге қатысын анықтау үшін тестілеу, жастарды спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған мозаика-ойындар жүргізілді.

 «Зырян ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ,