Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
19 Қаңтар 2018 г
--:--:--
Шағын көлемді кемелерді есепке алу
10-05-2017 10:17
КӨЛІК

Шағын көлемді кемелерді есепке алу

ҚР Көлік және коммуникация министірінің бұйрығына сәйкес өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін барлық шағын  көлемді кемелер (өзен кемелері, катерлер, қайықтың барлық түрлері, соның ішінде үрделетін, катамарандар, гидроциклдар және т.б.) мемлекеттік тіркеуге және Мемлекеттік кемелер тізілімінде есепке алынуға жатады, сондай-ақ барлық кемелер жыл сайын міндетті техникалық қараудан өтуі тиіс.

ШҚО бойынша Өңіраралық көлік басқару инспекциясының мәліметтері бойынша Зырян ауданында 296 өздігінен жүретін және 90 өздігінен жүрмейтін кеме тіркелген.

Көпетеген меншік иелері мен қайық иелерінің мұрагерлері өз меншігін есепке қою мәселесіне жауапсыздық танытады. Техникалық бұзылуына, ұрлануға, мекенжайын ауыстыруға, иесінің қайтыс болуына байланысты көптеген кемелер ұзақ жылдар бойында есепте тұрады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582 – бабына сәйкес белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару – 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кеме иелерінің тізіміне түзету енгізу үшін кемелері бар барлық заңды және жеке тұлғалар Өскемен қаласы, Крылов көшесі, №114 мекенжайы бойынша орналасқан немесе 8 (7232) 251-521 телефоны бойынша ШҚО бойынша Өңіраралық көлік басқару инспекциясына жүгінуі қажет.

Мемлекеттік кемелік тізілім
Өзен, тарлы көлік құралдары
Өзі жүретін тарлы кемелердің кемелік кітабі
Өзі жүрмейтін тарлы кемелердің кемелік кітабі