Басы » Басы » Қаланың басқа жаңалықтары » «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті
Автор: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
18-04-2014 05:56
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» байқауы өтті

2014 жылдың 15 сәуірінде Абай драма театрында қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігі мен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қалалық ғашықтар байқауы өтті.

Сайысқа Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан инновациялық университеті, Д. Қалматаев атындағы медицина колледжі қатысты.

Сайыс нәтижесі:

1. Бас жүлде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аталымы Семей медицина университетінің студенттері - Қалибеков Ақжігіт, Дәулетжарова Ақжайық

2. «Талантты жұп» аталымы - Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері  –  Жұмағалиев Есболат, Парасатова Талшын

3. «Жарасымды жұп» аталымы – Қазақ инновациялық гуманитарлық университетінің студенттері – Оразғажин Еламан, Серікбекова Алтынай

4. Алғыс хаттарымен Қазақстан инновациялық университетінің студенттері - Мұхаметқалиев Нұртуған, Ақшабай Назерке

5.  Алғыс хаттарымен Д. Қалматаев атындағы медицина колледжінің студенттері - Қазбек Ақжол, Қымранова Гульзат.