Басы » Басы » Білім » Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары – жүлдегер
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары – жүлдегер
Автор: Акимат
18-04-2014 08:31
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары – жүлдегер

Cемейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 20 оқушысы Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды. Бірнеше пән бойынша білім сайысына қатысқан семейлік ұл-қыздар ТМД және Батыс Еуропа мемлекеттерінің оқушыларын артқа тастап, командалық есеп бойынша бас жүлдені жеңіп алыпты.

Биыл 10-шы рет дәстүрлі түрде өткізіліп отырған халықаралық олимпиадада оқушылар ағылшын тілінде сайысқа түскен. Қатысушыларға мектепте оқытылатын негізгі пәндер бойынша берілген тапсырмаларды жаңылмай, әрі шапшаң табу міндеті жүктеліпті. Жылдам ойлап, сауатты жауап беруде Қазақстан атынан барған жасөспірімдер алғырлық танытқан. Команда құрамында алтын, күміс, қола медаль иегерлері бар.

Әсіресе, шет тілін үйренуде біздің елдің оқушылары өзге мемлекеттің қатысушыларынан басым түсіпті. Сондай-ақ, семейлік команда өкілдері ең көп жүлде алған. Бұл оқушылардың барлығы да халықаралық дәрежедегі олимпиадаға алғаш рет қатысқан екен.

Айта кету керек, Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары түрлі халықаралық байқаулардан үнемі жүлделі орындармен оралып жүр.

Семей таңы