Басы » Басы » Әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту » Соғыс ардагерлері ардақталуда
Соғыс ардагерлері ардақталуда
Автор: Акимат
18-04-2014 08:50
Соғыс ардагерлері ардақталуда

Семейдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері Жеңіс күні қарсаңында 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек алатын болды. Өткен жылы аталмыш мейрам күні оларға 10 мың теңгеден сый берілген болатын.

Бүгінгі күндері Семей өңірінде өмір сүріп жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 100 адам. Ал соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жандар қатары 4 мың екен.

– Әрбір соғыс ардагері біздің назарымызда. Алдағы Жеңіс күніне даярлық барысында олардың әр қайсысына жекелей мектептер мен дәрігерлік    амбулаторияларды тағайындап қойдық. Оқушылар соғыс ардагерлеріне  қамқорлық жасауды мақсат тұтса, дәрігерлер тұрақты түрде денсаулықтарын қадағалайтын болады. Ардагерлеріміздің өз ұрпағымен бірге келер жылғы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға қатысуын қалаймыз. Қолдан келер көмектің барлығын  көрсетуге әзірміз, - дейді қалалық соғыс және тыл ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова. 

Семей таңы