Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына пікір
12-01-2018 12:03
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына пікір

Әр жылдың басталуымен қазақстандықтар Президенттің кезекті Жолдауын тосады, онда мемлекет Басшысынан ертеңгі күнге деген сенімділік орнататын келесі жылға нақты міндеттерін күтеді.

2018 жылғы Жолдау мақсаты әлемнің ең үздік елі қатарына қосылу болып табылатын, мемлекет пен қоғамның кезең-кезеңмен дамуының қисынды жалғасы болып табылады.

Президент Ұлт жоспары – 100 нақты қадам және 10 міндет жоспарлы түрде жүзеге асырылатынын, олардың орындалуы әр қазақстандық азаматтың және бүкіл мемлекеттің өмірін сапалы түрде өзгертетінін белгіледі.

Бүкіл Жолдау ел қамқорлығ және ел азаматтарының амандығы туралы ойға толы. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерін белгілей отырып, мемлекет Басшысы Төртінші өнеркәсіптік революция элменттерін енгізуге назар аударды. Бұл жерде Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері негізінде біздің басты құндылығымыз болып қалатын азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық татулық жатқанын баса айтты. Мемлекет өркендеуінің басты шарты – халықтың біртұтас ұлтқа шоғырлануы. Президент қоғамның мұратын суреттеп берді:

«Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық,  шет  тілдерін  меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар Қазақстан азаматы». Міне сол кезде нағыз азаматтық қоғам пайда болады және кез келген этнос тобының азаматы қалаған, ел Президенттігіне сайлануға шейін, мамандықты таңдай алады. Ол үшін мәдениетті және идеологияны дамыту керек. Президент «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні осында екенін тағы да баса айтты. Менің ойымша, Жолдау өзегі: қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық болуы керек, бірлесіп барлық қиындықтарды жеңеміз деген ой.

Еліміздің өркендеуіне мүмкіндік жасайтын басты фактор – мықты дәстүрлер және халық бірлігі. Осы біртұтас ұлтты қалыптастыру бойынша еңбекке барлығымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

 

 

Зырян қаласы Достық үйінің директоры Г. Дедова