Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
«Білім ғибадаты» акциясы.
12-01-2018 16:06
«Білім ғибадаты» акциясы.

           2018 жылғы 10-қаңтарда Зырян ауданының жастар ресурстық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құрылыс және көлік» колледжінде «Білім ғибадаты» акциясын өткізді.

           Аталған акция жастарға қазіргі уақытта білім, өзіңді-өзің дамыту ұлттық сәйкестік, ұлтымыздың мәдени және рухани деңгейі өміріміздің негізгі аспектілері болып табылатын түсіндіруге бағытталды. Сондай-ақ жастар орталығының қызметкерлері әрбір жастың білімдарлығын дамыту үшін нені дамыту керектігі туралы, Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мәселелерін талқылады, әрбір қазақстандық азамат табысты болу үшін жаһандық білім шыңында болуы керектігін айтты. Жастар білім арқылы барлық жақсылықты бойға сіңіру үшін өзгерістерге әзір болуды қолдайды. «Білім ғибадатын» белсендіріп, жастарға дарыту керек, өйткені тек білім ғана адами капиталдың дамуына мүмкіндік береді.

          «Білім ғибадаты» акциясы буклет таратумен аяқталды.

«Зырян ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ