Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
Президент Жолдауын талқылаймыз
12-01-2018 18:25
Президент Жолдауын талқылаймыз

12 қаңтарда Достық үйінде ҚР Президентінің жыл сайыннғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауында қойылғанміндеттерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы болды.

Талқылауға ЭМБ, қоғамдық келісім кеңес, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі  өкілдері қатысты. ЗКБК ардагерлер кеңесінің төрағасы С.М. Харламов өз сөзінде кен өндіру өнеркәсібінің еңбек өнімділігінарттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды. Аграрлық сектор, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы реформаларды талқылау белсенді өтті. «Дөңгелек үстел» қатысушылары Жолдау, алдыңғы жолдаулар сияқты, әлеуметтік сипатты және әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыруға бағытталғанын белгіледі. Мемлекет өзіне әлеуметтік міндеттерді алып, оларды толық көлемде орындайды.

2018 жылғы Жолдау ертеңгі күнге деген сенім ұялатады.

Өз кезегінде, Президент айтқандай Достық үйі, этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімге, азаматтарды біртұтас ұлтқа біріктіруге барлық күшін салады.

 

Зырян қаласының Достық үйі