Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
Теміртапшылықты ауруларын алдын алу.
12-01-2018 18:27
Теміртапшылықты ауруларын алдын алу.

Медициналық статистикасына сәйкес теміртапшылықты анемия әр екінші әйелде және әр үшінші ер адамда кездеседі. Егер сіз соңғы кездері көңілсіз, ұйқышыл, ашуланшақ жағдайыңызды байқасаңыз, егер сізге жиналу қиын болса, және де сіз жиі ауырсаңыз, мүмкін сізде темір жетіспеушілігі. Осыған қоса бұл белгілерге қуқыл және құрғақ теріні, шаштың түсуін, нашар тырнақтарды қосыңыз.

Гемоглобин деңгейін қан анализін тапсырып білуге болады. Әйелдерде 120 г/л, ерлерде – 130 г/л және жоғары, нәрсетелер мен жүкті әйелдерде – 110 г/л болу керек.

Гемоглобиннің құрылысында, басқалармен қатар, ең маңызды микроэлементтердің бірі – темір қатысады. Теміртапшылықты анемия (қаназдық) – аурудың ең таралған түрі.

ДДСҰ, әсіресе бала туушылық кезеңіндегі әйелдер мен балалардың арасында кең тарағанына байланысты, теміртапшылықты анемия ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі деп саналады. Және де әлеуметтік факторлар (өмір деңгейі, білім беру, денсаулық сақтау) аурудың жиілігіне байланысты.

Кез келген ауруды емдегеннің орынына алдын алған оңай. Анемияны алдын алу негізіне ең бірінші дұрыс тамақтану қағидалары еңгізілген. Адамның күнделікті тамақтану үлесі 20 мг аз емес темірден тұру керек, ал жүкті әйелдер үшін бұл сан 30 мг құру қажет. Ай сайын әйелдер ер адамдардан қарағанда темірді 2 есе көп жоғалтатынын айтып өту қажет, сондықтан бұл элементті толтыруды ұмытпай керек.

Нәрестелердің 4-5 ай өмірі ішінде омырау емізу қажет, өйткені бұлолардың ТТА табиғи алдын алуы болып табылады, баланың ана сүтімен темірді алуы 50% құрайды.

Темірі мол азық-түліктердің ішінде бірінші орында бұзау еті. Одан 22% темір алынады. Сиыр еті мен шошқа етінде бұл көрсеткіштер төмен. Балықтан 11%. Бауарда темірге өте бай.

Бұрын қаназдығымен ауыратын науқастарға алма, сәбіз, анар жеуге кеңес беретін. Бірақ жемістердегі үш валентті темір денеге дұрыс таралмайды. Ал С дәрумені, еттегі темірдің денеге таралуын күшейтеді. Сондықтан жаңа піскен көкөністерді тек қана етпен жеу қажет. Осыған қоса тамақтанғаннан кейін апельсин шырынын ішсеңіз темірдің денеге тарауы екі есе көбейуі мүмкін. Балда жеткілікті бар, фруктоза да темірдің денеге тарауын жақсартады. Әсіресе балдың қара сұрыптарын қолдану қажет, өйткені олар пайдалы микроэлементтерге өте бай.

Темірдің және мыстың маңызды үлесі дәндә, бұршақты және жармаларда кездеседі. Бірақ бұл азық-түліктерде фитаттар – фосфорлы қоспасы бар екенін есте сақтау қажет. Оларда темірдің денеге таралуын азайтады. Олардың мөлшерін ұнтақтап, жібітіп немесе өндіріп азайтуға болады. Сондай-ақ, жарманы екі сағатқа суға жібіткен кезде оны недәуір азайтуға болады.

Шай немесе хош иісті кофені сүюшілерге ескертпе, қара және жасыл шайда, кофемен қатар таниндер бар. Бұлар фитаттарға ұқсас темірдің денеге таралуын азайтады.кей кездерде бұл ішімдіктерді шырындармен және компоттармен ауыстыруға болады.

Дәрігерлер теміртапшылықты анемиямен ауыратын адамдарға шойын ыдыстармен қолдануға кеңес береді. Сондай-ақ, тәжірибенің нәтижесі бойынша шойын ыдыста даярланған тұздықтағы темрі 9 рет көбейді

Соңында тағы бір тәжірибе. Британдық ғалымдар диеталармен айналысатын 164 әйелдердің арасында зерттеу өткізілді. 25% қыздарда анемия анықталды, ал олардың ақылдарының деңгейі 10 балға төмен. Темірі бар дәрі-дәрмектерді қолданғанан кейін, біраз уақыттан соң IQ деңгейі дұрысталды. Мамандардың пікірі бойынша вегетариандық диеталармен қызығатын әйелдерд ақылдық деңгейлерінің төмендеуіне бейімделген.  

 

 

«ҚР ДСМ ҚДС Комитеті

ШҚО ҚДС Департаментінің

Зырян аудандық ҚДС басқармасы»

РММ басқарма басшысының орынбасары                                       Н.Алянчикова