Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
Қалалық мұз айдыны
12-01-2018 18:32
Қалалық мұз айдыны

Ағымдағы жылдың  11 қаңтарда Зырян қаласының  «Металлург» алаңында орталық мұз айдынының ашылу салтанаты болды.  Бұл  қуанышты  бөлісуге  Зырян қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары, спорт мектебінің тәрбиеленушілері және олардың ата - аналары жиналды.  Барлық жиналған қауымға «Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының орынбасары Канафина Бақытгүл Қалибекқызы шын жүректен  өз лебізін жеткізді. Бұл мереке барлық балалардың  жүзіне еріксіз күлкі ұялатты.

Спорт мектебі жаттықтырушалырының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Көңілді мәре» ойыны өткізілді.  Бұл күнді асыға күткен балалар, ойынға бірден   кірісті.

Мұз айдынының  ашылу салтанатына   400 ден астам   оқушылар мен көрермендер жиналды.  Орталық мұз айдыны күндізгі сағат  11:00 ден  кешкі сағат 23:00 ге дейін  тегін жұмыс істейді.  

 

Заведующий сектором спорта                                                       Абышев Р.Н.