Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
22 Сәуір 2018 г
--:--:--
Медициналық қызмет көрсету
08-09-2017 12:15
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Медициналық қызмет көрсету

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК

Зырян қаласы, Панфилов көшесі, 19

Зырян қаласы, Советская көшесі, 16

2013 жылдың 11 сәуірден бастап ШҚО Әкімдігінің шешімімен «Зырян ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының пайда болуымен «№ 1 медициналық бірлестіктің» және «Жұқпалы аурулар ауруханасының» қосылуы іске асырылды.

Бас дәрігер:  Дмитрий Романович Фаустов, 1960ж.т., бірінші санаттағы дәрігер, бас дәрігердің лауазымында 9 жыл жұмыс істейді.

 Меншіктің нысаны - мемлекеттік.

«Зырян ауданының ОАА» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 1964 жылы құрылды. Көпбейінді емдеу мекемесі болып табылады. Аурухананың құрамында 375 төсекті стационар, 6 төсекті жан сақтандыру – анестезиологиялық бөлімше, 24 төсектік күндізгі стационар, стоматологиялық емхана бар. Қалалық емхана тіркелген ауылды дәрігерлік амбулаториялармен. Бұдан басқа, ауданның барлық ауруханалары үшін жұмыс істейтін бөлімше бар, бұл – патологоанатомиялық бөлімше. Аурухананың құрамына «Жедел медициналық көмек станциясы» кіреді. Қажетті жабдықтармен жабдықталу стационар бойынша 76,19%, емхана бойынша 71,64%, перзентхана бойынша 65,42%, ауылды нысандар бойынша 56,2% құрайды.

2013 жылдың қазан айында кәсіпорын аккредитациядан өтті және 2 жылға аккредитациялық куәлік алды.

«Зырян ауданының ОАА» ШЖҚ КМК кадрлармен қамтамасыз етілуі:

Штаттық кесте бойынша - дәрігерлік  209,75 мөлшерлеме, жеке тұлғалар – 118 адам, жасақталудың пайызы – 75%.

 Штаттық кесте бойынша орта медициналық персонал – 568,5 мөлшерлеме, жеке тұлғалар –526 адам, жасақталудың пайызы – 92%.

«Зырян ауданының ОАА» ШЖҚ КМК бойынша біліктілік санатқа ие:

Дәрігерлер – 70 адам (61,0%),  олардың ішінде жоғары санат 14 адамда (12%),  бірінші санат 34 адамда (30%),  екінші санат 22 адамда (19%).

Орта медициналық персонал – 284 адам (55,0%), олардың ішінде жоғары санат 62 адамда (12%), бірінші санат 97 адамда (19%), екінші санат 125 адамда (24%).

Стационарлы көмек

 Стационар 375 төсекке ашылған, оның құрамында:

1. 70 төсекті хирургиялық бөлімше, олардың  ішінде жақ-бет хирургияның 3 төсегі, ЛОР 7 төсегі, урологиялық 20 төсек және жалпыхирургиялық 40 төсек.

2. Кардионеврологиялық төсектері бар 55 төсекті терапевтік бөлімше, олардың ішінде 15 неврологиялық төсек, 38 кардиологиялық төсек, 20 терапевтік төсек.

3. Жұқпалы аурулар бөлімшесі – 50 төсек.

4. Күйікке қарсы палатасы бар 40 төсекті травматологиялық бөлімше.

5. 30 төсекті балалар бөлімшесі.

6. 25 төсекті перзентхана.

7. 40 төсекті гинекологиялық бөлімше.

6 төсекті жан сақтандыру – анестезиологиялық бөлімше 2004 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істейді.

Бұл бөлімше аурухананың барлық бөлімшелерін жан сақтандыру көмегімен қамтамасыз етеді. Мұнда гинекологиялық, перзентхана, балалар, терапевтік, травматологиялық бөлімшелердің науқастары және жұқпалы аурулар бөлімшесінен аса ауыр науқастар емделеді. Тәулік бойы бір дәрігерлік, екі медбикелік және зертханашылардың бір посты жұмыс істейді. Бөлімшенің анестезиологтары 5 ота бөлмесінде анестезиологиялық көмекті тәулік бойы қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлімшелердің базасында 24 төсекті күндізгі стационар ашылған, олардың ішінде 9 төсек терапевтік бейінде, 5 төсек хирургиялық бейінде, 10 төсек гинекологиялық бейінде.

Стационарда параклиникалық бөлімшелер ашылған: клиникалық, биохимиялық, серологиялық зерттеулер жүргізілетін зертхана; рентгенологиялық бөлімше; эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер кабинеті; физиотерапевтік бөлімше.              

Патологоанатомиялық бөлімше

Жеке типтік ғимаратта орналасқан. Цитологиялық, гистологиялық зертханалар, 2 секционды зал, зертханашылардың және бөлімше меңгерушісінің кабинеттері бар. Жабдықтар нормативке сәйкес келеді.

Стоматологиялық емхана

Жеке типтік ғимаратта бір ауысымда 70 келуге шаруашылық есептегі стоматологиялық емхана орналасқан. Емханада қабылдау кабинеттерінен басқа ашылған: рентгенологиялық кабинет, физиокабинет, лазермен емдеу кабинеті, стерилизациялық бөлме, меңгерушінің және аға медициналық бикенің кабинеттері. Ересек және балалар жастағы стоматологиялық науқастарды терапевтік, хирургиялық бейінде емдеу жұмыстары жүргізіледі. Тісті протездеу жүргізіледі. Жыл сайын 25800 УЕТ мөлшерінде мемлекеттік тапсырыстың жоспары орындалады.

Жедел медициналық көмек станциясы

4 тәулік бойғы посттар ашылған, барлық аудан бойынша шұғыл көмекті қамтамасыз етеді. Жыл сайын мемлкеттік тапсырыс бойынша 39000 шақыртуға қызмет көрсетіледі.

Амбулаторлы-емханалық көмек

Қалалық емхана, өзінің құрамында алдын алу бөлімшесі, терапевтік учаскелік қызмет (12 учаске), педиатриялық учаскелік қызмет (8 учаске), акушерлік-гинекологиялық бөлімше (3 учаске), кеңестік-диагностикалық бөлімше, 20 төсекті күндізгі стационар, параклиникалық қызмет (зертханалық-диагностикалық бөлімше) бар «Отбасылық денсаулық орталығын» енгізеді.

Аудандық емхананың құрамына тіркелген ФАП-тармен және медициналық пунктілермен (барлығы ФАП-5, МП-22) жеті ауылдық дәрігерлік амбулаториялар кірді (Малеевск ауылының ДА, Парыгино ауылының ДА, Никольск ауылының ДА, Соловьево ауылының ДА, Средигорное ауылының ДА, Тұрғұсын ауылының ДА; Чапаево ауылының ДА).

Қажетті жабдықтармен жабдықталу қалалық емхана бойынша 71,64%, дәрігерлік амбулаториялар бойынша 58,2%, ФАП бойынша 52,1%, медициналық пунктілер бойынша 49,2% құрайды.

Тіркелген халықтың жалпы саны 53638 адамды құрайды. Олардың ішінде ауыл тұрғындары 17056 адамды құрайды. Тұрғылықты мекендерді жалпы қамту Зырян қаласы және 37 ауылдар мен кенттерді құрайды. Пациенттерді қабылдауды терапеттер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пунктілердің фельдшерлері жүзеге асырады. Кеңестік көмек келесі мамандықтағы дәрігерлермен жүзеге асырылады: хирург, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, траматолог, кардиолог, эндокринолог, физитерапевт, онколог, уролог және проктолог.

Зертханалық-диагностикалық көмекке келесі зерттеулер кіреді: ЭКГ, Ф-графия, Р-графия, УДЗ, клиникалық және биохимиялық зертханалар.

Физио-терапевтік бөлімшеде емдеу жүзеге асырылады.

Ұйымдардың күшімен қан айналымы жүйесінің ауруларын, сүт безінің рагін, жатыр мойнының рагін, қуықасты безінің рагін, колоректальді ракті ерте табуға балалар тұрғындарды (11600 балалар) және ересек тұрғындарды міндетті медициналық қарауларды жүргізу жүзеге асырылады.

Ауылды тұрғылықты мекендерді телефонизациялау 100% құрайды.

«Зырян ауданының ОАА» ШЖҚ КМК құрамында 2012 жылдан бастап Жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. 2014 жылы ауданның тұрғындарына 14 000 кеңес, функционалды және зертханалық зерттеулер көрсетілді. 36 тұрғылықты мекен қамтылды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап «Мини-диагностикалық орталық» қызмет етеді, ол Зырян ауданының тұрғындары үшін диагностиканың заманауи әдістерін жүзеге асырады. Қолдануға жаңа УДЗ-аппараты, жүрек қызметін және артериальді қысымды тәуліктік мониторлау аппараты, вазограф енгізілді. Бұл орталықтың қызмет етуі тұрғындардың бөлігіне Өскемен қаласына бармай-ақ, Зырян қаласында тексеруден өтуге мүмкіндік береді. 

Медициналық пунктілердің және дәрігерлік амбулаториялардың бөлігі (14 мөлшерде) жалға алынатын үй-жайда орналасқан (мектептердің, ЖШС, әкімдіктердің ғимараттары).

Қызмет көрсетілетін аумақтың жалпы ұзақтығы 118 км. құрайды.