Басы » Басы » Қаланың басқа жаңалықтары » Өрттен құтқарылған балалар
Өрттен құтқарылған балалар
Автор: Акимат
30-04-2013 05:34
Өрттен құтқарылған балалар

 

Балалардың өрттегі трагедияларына біз, үлкендер кінәліміз. Балаларға қаншалықты сіріңке жағып, оның жалынын сөңдіруге рұқсат еткенімізді еске түсірінізші. Осылайша үлкендер балалардың отқа деген бұрыс қызығушылығын тудырады. Үлкендерге елігіп, балалар қараусыз қалғанда теледидарды, электрқондырғыларды қосуы, пешті жағуы мүмкін. Бұл әдетте, үлкен қайғыға әкеп соғады.

Балалардың отпен ойнауы үнемі жақсы аяқтала бермейді.

2013 жылдың 25 сәуірінде Семей қ. өрт сөңдіру қызметі пультіне 23:33 уақытында Пупков Г.Г. азаматының көршілерінен 1 –микрорайон 7 үй мекен – жайы бойынша № 63 пәтерінен түтін шығып жатқаны жайлы хабар түсті. Өрт орнына өрт бөлімшесі аттандырылдып жеткенге дейінгі уақытта өрт туралы хабарлаған көрші өзінің азаматтық міндетін танытты.

Пупков азаматқа өрт туралы оның, пәтерінің есігін қаққан, көршісі Волкова айтты. Өз пәтерінен жүгіріп шығып, ол жанып жатқандардың есігін қаға бастады, бірақ онда ешкім жауап бермеді. Содан кейін ол тысқа терезеден қарауға ұмтылды, бірақ пәтерді түгелдей түтін басқан еді. Ойланбастан өз пәтеріне жүгіріп барып орындықты алып қайтадан тысқа ұмтылды. Орындыққа шығып ол әйнек арқылы ішіне кірді. Үйді жалмаған түтінді көріп, ол еңбектеп төсекте көрпемен оранып жатқан екі бала жатқан жатын бөлмеге қарай аттанды. Олардың біреуін ұстап алып ол қайтадан терезеге қарай еңбектеп терезе әйнегін жарып баланы өзінің жарына берді. Уақытты жоғалтпай ол қайтадан екінші балаға жатын бөлмесіне оралды, бірақ бала онда жоқ болды. Түтіннің арасынан ол орындықтың астында тығылып отырған баланы көріп, ас бөлмесіне барып баланы алып терезе арқылы көршілеріне тапсырды. Қонақ бөлмеде жерде алаша мен көрпешік тұтана бастаған, жанып жатқан заттарды жинап ол оларды терезеден сыртқа қарай лақтырды.

Үлкен адамның абайсыздығы үлкен қайғыға соқтыра жаздады. Балаларын сыртынан жауып кетіп, балаларын жалғыз қалтырып кеткен анасының себебінен қайғы бола жаздады.

Пәтердің бірінші қабатта болуы себебінен балаларды дер кезінде өлімнен сақтап қалу мүмкін болды. 22 сағат 39 минут уақыты мөлшерінде Пупков Георгий Георгиевич азаматымен 2 бала құтқарылды: 2006 ж.т.  Жүнүсов Данияр Эльдарұлы және 2009 ж.т. Жүнүсов Нұрали Эльдарұлы.

Семей қ. ТЖ басқармасы Пупков Георгий Георгиевичке төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, екі баланы құтқарып қалғаны үшін алғыс білдіреді. Бұл жағдай өрттегі адамдарды құтқарудағы қажет шешімді дер кезінде қабылдаудың маңыздылығын тағы да растай түседі.

Балаларға отпен абай қолдануды үйрету - өрттің алдын алуға ғана емес, олардың өмірі мен денсаулығы үшін күрес болып табылады. Осы туралы үлкендерде естерінде сақтағанын қалар едік.

Ата – аналар! Балаларды жалғыз қараусыз қалдырмаңыз!

Ақпаратты дайындаған Семей қ. ХНДжОБ бас маманы Айгүл Мирсаитова