Басы » Басы » Жаналықтар » Ымырттағы кітапхана
Ымырттағы кітапхана
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
21-06-2013 06:24
Ымырттағы кітапхана

 

2013 жылдың 21 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының шетел әдебиеттер бөлімінде Жазғы демалыс акциясы «Ымырттағы кітапхана» аясында Мемлекеттік Медицина университетінің шетелдік студенттерімен  ағылшын тілінде кездесу ұйымдастырылды. Кешке Үнді халқының студенттері шақырылды. 

Қазіргі уақытта елімізде көптеген шетелдік студенттер білім алып, тәжірбие алмасуда. Ол мемлекетіміздің дамығанын, беделінің өскенін, біліміміздің жоғары екенін білдіреді. Біздің жастарымыз да шетелде білім алып, елімізді насихаттап, тіл үйренгісі келеді. Осы мақсатпен өткен сұқбаттасу арасындағы кездесу қызықты , мазмұнды, нәтижелі болды. Кеш қонақтары студенттер Флозия, Асеф, Мусэйм және олардың жетекшісі,үйлестіруші - доктор Хусэйн  болды.

Шетелдік студенттер өздерінің елінің тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы турала айтса жалынды жастарымыз халқымыздың ұлттық мейрамдарын, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді насихаттады.  Сұқбаттасу барысында «затты сипаттау» атты ойын өтті, бірінші топ затты сипаттаса , екінші топ заттың атын атады. Шетелдік студенттер қатысушылардың тілді білу дәрежесін анықтады.

Іс- шара соңында шетелдік студенттер және жетекшілері – Хусэйн кітапханаға өз алғыстарын білдіріп, келешекте бірлескен түрде іс-шаралар атқаруға ұсыныс білдірді.

Семей қаласы «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атыңдағы әмбебап кітапханасы»