Зырян ауданы әкімінің ресми сайты
16 Желтоқсан 2018 г
--:--:--
Әкім
16-11-2015 04:53
ЗЫРЯН ӘКІМІ

Сіздерді Зырян ауданының ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын!

Бүгінгі күн ауданның дамуындағы ең басым бағыттары мен өкіметтің мемлекеттік органдарының қызметі туралы ақпараттарға тұрғындардың дер кезінде кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етуді талап етеді. Мемлекеттік органдардың интернет пен электрондық ресурстарды пайдалануы қазіргі ақпараттық қоғамның құрылу жүйесін жеделдетеді. Tолығырақ >>>

   
   
   

Айбек Мүталапханұлы Кәрімов - Зырян ауданының әкімі

Айбек Мүталапханұлы Кәрімов 1959 жылы туған. Білімі жоғары.

Айбек Мүталапханұлы Семей облысы Ақсуат ауданының Ерназар ауылында туған.

Еңбек жолын зоотехникалық институтты бітіргеннен кейін 1981 жылы Семей облысы Шар ауданы Киров атындағы совхозда зоотехник болып бастады.

1982 жылдан 1985 жылдар аралығында Семей облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, содан кейін Семей облысы Шар аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшысы, Семей облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

1995 - 2002 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі.
2002 - 2004 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.

2004 - 2006 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2006 - 2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі.

2008 жылғы қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында инвестициялық бағдарламалар үйлестірушісі.

2010 жылғы наурыз айынан 2011 жылғы қаңтар айына дейін Шемонаиха ауданының әкімі.

2011 жылдың қаңтарынан – Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.

2015 жылдың маусымынан бастап Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды.

Электрондық мекенжайы:  akimat_zyr_vko@akimzyrian.gov.kz

Тел: 8-723335-6-18-44

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау: Айдың бірінші дүйсенбісі сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін