Басы » Мамедбаков Исхатбек Қадырұлы

Мамедбаков Исхатбек Қадырұлы

 
 
ИСХАТБЕК ҚАДЫРҰЛЫ МАМЕДБАКОВ
 
           
1929 жылы туған. Білімі жоғары, Одесса ұн тарту және элеватор шаруашылығы инженерлері институтына оқуға жіберіліп, оны үздік дипломмен аяқтап, Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрлігінің қарамағына жолдамамен жіберіледі.
Тамақ өнеркәсібі министрлігі «Казглавсельхозмука» Семей облысаралық диірмен басқармасының бас инженері, өнеркәсіп – көлік бөлімінің әуелде нұсқаушысы, одан кейін меңгерушісі, облыстық атқару комитеті коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Семей қалалық партия комитетінің хатшысы, өнімдері бірлестігінің әуелі бастығы, ал қайта ұйымдастырылғаннан кейін бас директоры қызметтерін атқарды.
1990 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтар зардаптарын жою жөніндегі комитет аппаратына ауысып, онда 1994 жылғы қыркүйекке дейін жұмыс істейді.
1990 жылдан 1995 жылға дейін – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, 1995 жылдан 2003 жылға дейін – қалалық аумақтық сайлау комитетінің хатшысы.
Семей қаласының құрметті азаматы.
                       
 
Өңдеу күні: 16-06-2011