Басы » Нұрсұлтанов Қажи

Нұрсұлтанов Қажи

 

ҚАЖИ  НҰРСҰЛТАНОВ

1928 жылы туған. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі физика-математика факультетін «математика» мамандығы бойынша бітірген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтындағы физика–математика факультетінің жоғары математика кафедрасына оқытушы – ассистент, оқытушы, аға оқытушы, СМПИ-дағы физика – математика факультеті деканының орынбасары   болып қызмет атқарды.
1967 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі физика-математика факультетінде сырттай оқитын аспирантураға түсті.
Қажи Нұрсұлтанұлына жоғары математика кафедрасының доценті, «Семей» Мемлекеттік университетінің профессоры, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры академиялық атағы берілді.
Қажи Нұрсұлтанұлы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен және ССРО жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегіне орай «Жұмыстағы үздік табыстары үшін» дейтін Ресейлік белгісімен және Семей мемлекеттік педагогикалық институтына сіңірген еңбегіне орай «Зор еңбегі үшін» медалімен, жеңістің 55 жылдық құрметіне «1941-1945 жж. соғыс ардагері», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 60 жыл» медальдарымен марапатталған.
Семей қаласы әкімінің 1999 жылғы шешімімен көп жылғы жемісті еңбегі, білікті кадрларды даярлағандығы үшін Қажи Нұрсұлтанұлына «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011