Басы » Омаров Қабыш Омарұлы

Омаров Қабыш Омарұлы

 
 
ҚАБЫШ ОМАРҰЛЫ ОМАРОВ
 
1919 жылы туған. Ленинград әскери байланыс училищесін бітірген.
Соғысқа 1941 жылғы 22 маусымда таңғы сағат 4-ге Шығыс Пруссиямен шекарада 68-нығайту ауданының 10-жеке пулемет батальонының құрамында байланыс взводының командирі қызметіне кірген.
1945 жылдың аяғында Отанына, Семей қаласына оралды.
1964 жылдан бастап 1981 жылғы қыркүйекте зейнет демалысына шыққанға дейін «Қайрат» облыстық ауылдық спорт қоғамының төрағасы болып жұмыс істеді.
Фашизмге қарсы белсенді жауынгерлік іс-қимылы, ерлігі мен батырлығы үшін Францияның Жауынгерлік Крест орденімен және екі жауынгерлік медальдарымен наградталды.
Қабыш Омаров Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1-топтағы мүгедегі. Отан соғысы орденімен және 5 медальмен наградталған.
Фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 50 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі ұзақ жылғы мінсіз жұмысы үшін республиканың және Одақтың медальдарымен және Құрмет Грамоталарымен наградталған, КСРО дене шынықтыру және спорт жөніндегі Комитетінің құрмет Кітабына есімі жазылған.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
 
 
Өңдеу күні: 16-06-2011