Басы » Рамазанов Сержан Рамазанұлы

Рамазанов Сержан Рамазанұлы

 
 
СЕРЖАН РАМАЗАНҰЛЫ РАМАЗАНОВ
 
Ұлы Отан соғысының ардагері. Ленинград қоршауына қатысушы.
1975-1988 жылдары Қазақстан компартиясының Семей облыстық комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі. Тарих ғылымдарының кандидаты. Жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жүргізді. №28 мектепте Ленинградты қорғаушыларға арналған мұражайды ашуды ұйымдастырушылардың бірі болды.
«Ұлы Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордердерінің, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Әскери қызметі үшін» медальдарының иегері.
«Белые ночи блокады», «Потомкам завещанный Подвиг» кітаптарының авторы. Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Семей қаласының құрметті азаматы.
 
Өңдеу күні: 16-06-2011