Акимат » Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Бизнестің дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арқылы қаржы ресурстарына қол жетімділігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жалғасуда, 2017 жылдың басынын бастап сомасы 4684,4 млн. теңгеге 67 жоба, оның ішінде 51 жобаға 4110,2 млн.теңге несие бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, 106,8 млн. теңге соммаға 14 кепілдеме және 2 жоба жетіспейтін инфрақұрылымды өткізуге  қолдау көрсетілді.
Экономиканың әр түрлі салаларындағыіске асырылғанжобалар (67): өңдеуші өнеркәсібінде - 12, көлік және қоймалау саласында - 11, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде - 10, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында - 17, білім саласында – 5, саудада – 10 және жылжымайтын мүлікпен операциялар - 2.
2017 жылдың басынан бері жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу мақсатындажалпы сомасы 413,4 млн.теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылды: «Нұр» ШҚ (суармалы жерлерді суармалы сумен жабдықтау желісі,179,0 млн.теңге) және «Семей жолдары» ЖШС (теміржол қатынысы жолдарының құрылысы,  234,4 млн. теңге) жобалары.
Қазіргі уақытта электр энергияның жетіспейтін инфрақұрылымын жетілдіру бойынша «Биовторполимер» ЖШС жобасын өңірлік Үйлестіру кеңесімен мақұлданды және Шығыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына экономикалық  қорытынды жасау үшін жолданды.
Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру және оларды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала жарық көріп, қала әкімінің ресми сайтында және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайтында56 ақпараттық материал орналастырылып, 19 мақала жарық көрді, қалалық телеарналардан 18 сюжет көрсетілді, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдерімен бірлесіп 49 кеңес және кездесулер өткізді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ өңірлік филиалының жанындағы  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 2017 жылдың басынан бастап4544 кеңестік қызметтер көрсетілді.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп осы бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
 

      Кәсіпкерлік бөлімі


2016 жылда Семей қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырылуы туралы

Өңдеу күні: 12-01-2018